Борышкерлер президентке хат тапсырды

Фотография - Борышкерлер президентке хат тапсырды

Бүгін Астанаға Қазақстанның бірнеше облысынан 200-ге жуық борышкер жиналып, президенттің атына талап-тілектері жазылған хат тапсырды

220 0

Бүгін Астанаға Қазақстанның бірнеше облысынан 200-ге жуық борышкер жиналып, президенттің атына талап-тілектері жазылған хат тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Астанадан жиналған азаматтар өздерін "банктен ипотекаға үй алған үлескерлер" деп атайды.

Олардың айтуынша, осыдан төрт-бес жыл бұрынғы қаржы дағдарысы кезінде банк "үлескерлер қарыздарын төлей алмағандықтан, қарызға өсімақы қосып, кейбірінің үйін тартып ала бастаған".

Ақордаға бармақ болған борышкерлерді жолда полиция бөгеген. Бұдан соң олардың алдынан премьер-министрдің өкілі шығып, талап хаттарын қабылдап алды. Премьер өкілімен "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев сөйлесіп, үкіметтен "мәселелерінің шешілетіні не шешілмейтіні туралы жауап беруді" сұрады.

Борышкерлер хатта президенттен банктің негізгі қарыздарын ғана қалдырып, өсімақыны алып тастауына, үйлерін тартып алуын тоқтатуға көмектесуін сұраған. Олар "үкімет дағдарыс кезінде банктерге көмектескен, енді бізге де көмектесуі қажет" деп санайды.

Жиналғандар қазір Ақордаға барар жолда тұр. Ақорданың маңайын полиция қоршауға алған - деп хабарлады  azattyq.org

21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүзден аса адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!