Қыркүйекте Қазақстанда инфляция 0,2%, жыл басынан бері 3,3% құрады

Фотография - Қыркүйекте Қазақстанда инфляция 0,2%, жыл басынан бері 3,3% құрады

013 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда Қазақстанда инфляция 0,2% құрады

139 0

013 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда Қазақстанда инфляция 0,2% құрады .


Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%-ға төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларға 0,2%, ақылы қызметтерге – 0,6%-ға өсті.

Өткен айда республика бойынша орта есеппен бағаның төмендеуі картопқа 10,7%, жаңа жиналған көкөністерге – 8,4%, жаңадан жиналған жемістерге – 2,6%, қарақұмық жармаға – 0,9%, құмшекерге – 0,5%, күнбағыс майына – 0,3%-ға тіркелді. Бағаның өсуі жұмыртқаға 3,7%, күрішке – 2,2%, ұнтақ жармаға – 1,8%, шикі сүтке – 1,5%, сүзбеге – 1%, сұлы жарма, айранға – 0,8%-дан, арпа жармаға – 0,7%, шай, ет және құс етіне – 0,6%-дан, кондитерлік өнімдерге – 0,3%-ға белгіленді.

Бағалар қатты отынға 0,5%, газеттер және мерзімдік басылымдарға – 0,4%, киім және аяқ киімдерге – 0,3%, фармацевтикалық өнімдерге – 0,2%-ға өсті. Дизель отыны 0,3%, бензин – 0,2%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі білім беру қызметтеріне 4,1%, денсаулық сақтау – 3,1%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 0,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге – 0,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтеріне – 0,3%-ға жоғарылады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлік қызметтеріне – 1,6%-ға төмендеді - деп  хабарлады newskaz.kz

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,8%, оны жалға беру – 1,4%-ға өсті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!