ҚР Сыртқы істер министрі Латын Америка елдеріне сапарын бастады

Фотография - ҚР Сыртқы істер министрі Латын Америка елдеріне сапарын бастады

2013 жылғы 29 қыркүйек күні, өзінің Латын Америка елдеріне сапары аясында, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сантьяго қаласына келіп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

246 0

2013 жылғы 29 қыркүйек күні, өзінің Латын Америка елдеріне сапары аясында, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сантьяго қаласына келіп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Шетел инвестициялары жөніндегі Комитетінің жетекшісі Матиас Моримен келіссөздерден басталды. ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Мориді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы және еліміздің инвестициялық саясатында қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды. Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде болжанбалы және сенімді іскер әріптеске айналғанын атай отырып, қазақстандық дипломат өзінің әңгімелесуші тарапын, біздің елімізде өтетін ірі халықаралық шара – ЭКСПО-2017 көрмесін ескеріп, Қазақстанға инвестицияларды салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Өз кезегінде, М.Мори Қазақстанның дамуы үлкен әсер қалдыратынын жеткізіп, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мүдделердің ортақтығына назар аударды және бар әлеуетті ортақтаса отырып зерделеуге дайын екендігін айтты»,-деп жазылған хабарламада.

ҚР СІМ басшысының Чили Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Альфонс Наварромен өткізген келіссөздері негізгі кездесу болды.

Е.Ыдырысов ҚР Сыртқы істер министрінің алғашқы сапары екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарынң 20 жылдығына тұспа-тұс келгенінің символдығын атап өтті. Қазақстандық дипломат әріптесіне Қазақстан-2050 ұзақ мерзімді даму стратегиясы туралы баяндап, оның аясында Қазақстан әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіру жөнінде амбициялы жоспарлары бар, ілгері дамып келе жатқан мемлекет ретінде айқындалады деп айтты. Осыған орай, Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын кеңейтуде және ұлғайып келе жатқан назарын Латын Америка мен Африка елдерімен ынтымақтастықты дамытуға бағыттайтын болады.

А.Наварро чилилік тараптың Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға деген белсенді қызығушылығын жасырмады. «Өңірлеріңіздегі елдердің арасында Қазақстан біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. Біз өзара байланыстарды кеңейтуге дайынбыз», - деді ол. Ол сауда, энергетика және тау-кен өнеркәсібі салаларында ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Екі елдің азаматтарының өзара қатынау ережесін жеңілдету мәселесі кездесудің басты тақырыбына айналды. Бұл бағыттағы маңызды қадам – келіссөздер барысында қол қойылған Дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы Келісім болды. Тараптар екі елдің азаматтары үшін жақын болашақта толығымен визалық талаптарды жою бойынша келісімге жету мақсатында келіссөздерді жалғастыра беруге уағдаласты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Чили СІМ-дері арасында саяси кеңестер туралы Келісімге қол қойылды. Бұл екі елдің арасындағы үнқатысуды жүйелі жолға қоюға арналған.

Сондай-ақ, А.Наварро қазақстандық тарапты Чилидің Астанада дипломатиялық өкілдік ашуды жоспарлап отырғаны туралы ақпараттандырды.

Сонымен қоса, ҚР Сыртқы істер министрі Энергетика министрі Хорхе Бунстермен және тау-кен өндірісі Министрі Эрнан де Солниакпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыға салды. Тараптар байланыстарды әрі қарай дамыту жолдарын қарастырып, ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарын айқындады.

ҚР СІМ басшысы Чили Дипломатиялық академиясының Ректоры Пабло Кабреромен де кездесу өткізіп, Академия тыңдаушылары алдында лекция оқыды.

Ресми кездесулерден бөлек, қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы Чили Президенті Себастьян Пиньера Эченикемен бейресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында С.Эченике Қазақстан Президентіне өз еліне сапармен келуге шақыруын табыс етті. Е.Ыдырысов, өз кезегінде, Чили Басшысын оған ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Латын Американың жетекші елдерінің бірімен екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашып, Қазақстан сыртқы саясатының біртіндеп белсенденуіне деген талпынысын көрсетті.

Латынамерикандық турне аясында Е.Ыдырысов Аргентина (1 қазан) мен Бразилияға (2-3 қазан) сапармен барады деп күтілуде.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!