Қазақстан өкілі ТүркПА Бас хатшысы болды

Фотография - Қазақстан өкілі ТүркПА Бас хатшысы болды

 Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

168 0

2013 жылғы 1 қазаннан бастап Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы қызметіне Қазақстанның өкілі Жандос Асанов кірісті. Жаңа Бас хатшы Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің өкімімен тағайындалған болатын. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж.Асанов таяу уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Парламенттік Ассамблеяны құру туралы келісімге 2008 жылы қараша айында Стамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер парламенттері басшыларының 1-ші конференциясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша қол қойылған болатын.

ТүркПА-ның негізгі мақсаттары – парламенттік дипломатия арқылы елдер арасындағы саяси үнқатысуды дамытуға жәрдемдесу, тарихи, мәдени және тіл ортақтығы негізінде заңнамалық үйлесім мен парламенттік ынтымақтастықты, сонымен бірге түркітілдес халықтар арасындағы өзара тиімді және тең құқықты іс-қимылды нығайту болып табылады.

ТүркПА Хатшылығы - Әзірбайжанда, Баку қаласында орналасқан. Парламенттік Ассамблея Бас хатшысының лауазымында Ж.Асанов Әзірбайжан өкілі Рамиль Гасановты алмастырды.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!