Елімізде коммуналдық қызмет көрсету сапасының стандарты жасалады

Фотография - Елімізде коммуналдық қызмет көрсету сапасының стандарты жасалады

Бұл туралы бүгiн ҚР Үкiметі отырысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов хабарлады. Сонымен қатар инвестициялық бағдарламаларды iске асыруын қадағалайтын қоғамдық мониторинг күшейтілмек

118 0

Бұл туралы бүгiн ҚР Үкiметі отырысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов хабарлады. Сонымен қатар инвестициялық бағдарламаларды iске асыруын қадағалайтын қоғамдық мониторинг күшейтілмек. Осыған орай құйылатын инвестиция көлемі де 230 млрд. теңгеге жеткізілмек.  Бұл былтырмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Мұрат Оспанов, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы:

- Коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту үшін сервистік қызмет көрсету стандарттарын дайындап жатырмыз. Алдағы уақытта монополистер осы стандарт арқылы үйдің температурасын, судың қысымын немесе электр қуатының деңгейін анықтайды.

Биыл коммуканалдық қызмет мекемелеріне 284 тексерiс жүргiзiліп, заң бұзғандарға 3,1 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ отырыс барысында тұрғын үйлерді жөндеуге қыруар қаражат бөлінетіндігі сөз болды. Алайда су және кәріз құбырларының сиқы сорақы. ҚР Үкімет басшысы С.Ахметов осы мәселеге баса назар аударуды құптады.

Серік Ахметов, ҚР Премьер-Министрі:

- Тарифтік саясаттың қашан да қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор екендігін білесіздер. Сол себепті осы мәселе Елбасының ерекше назарында. Бүгін тарифтік реттеудегі барлық факторларды ескере отырып жан-жақты талқылауымыз қажет.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!