Елбасы Ұлттық банк басшылығыың ауысуына байланысты мәлімдеме жасады

Фотография - Елбасы Ұлттық банк басшылығыың ауысуына байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Григорий Марченко Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды.

131 0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Григорий Марченко Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды.

Елбасы Ұлттық банк басшылығының ауысуы туралы өз шешіміне қатысты түсініктеме берді. Григорий Марченко отбасылық жағдайына байланысты берілген өтінішіне қатысты лауазымынан босатылғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ол бұл қызметте көп жыл, соның ішінде қиын жылдары жұмыс істеді. Еліміздің қаржы жүйесін дамытуға, Ұлттық банк жұмысына, Ұлттық қорды басқаруға зор үлесін қосты, бұл үшін мен оған ризамын.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы етіп Қайрат Келімбетовті тағайындау туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етті. Қазақстан Президенті қабылданған шешім еліміздің дамуына септігін тигізетінін атап өтіп, Ұлттық банктің саясаты өзгермейтініне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мен бұл лауазымға Қайрат Келімбетовті тағайындадым. Ол – 45 жаста, Мәскеу мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың Джорджтаун университетінің түлегі. Соңғы жылдары ҚР  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, одан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды, Кеден одағының қызметі және Еуразиялық экономикалық одақты құру мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді. Оның ел экономикасы мен қаржылық жағдайы туралы білімі Ұлттық банк жұмысына оң ықпал етеді деп санаймын.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!