Қазақстан мен Чили арасындағы виза режимі жеңілдетілді

Фотография - Қазақстан мен Чили арасындағы виза режимі жеңілдетілді

Қазақстан мен Чили Үкіметі екі ел арасындағы виза режимін жеңілдетуге келісті

186 0

Қазақстан мен Чили Үкіметі екі ел арасындағы виза режимін жеңілдетуге келісті.

Мекеме мамандарының хабарлауынша, Қазақстан мен Чили арасындағы виза режимін жеңілдету мәселесі ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Сантьягоға алғашқы сапары барысында талқыланды. Қазақстанның СІМ басшысы Чилидің Сыртқы істер министрі міндеттерін атқарушы Альфонсо Наварромен келіссөздер жүргізген.

Келіссөздер барысында дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне қойылатын визалық талаптарды жою туралы келісімге қол қойылды. Тараптар таяу арада екі ел азаматтарына берілетін виза режимін толығымен жою үшін келіссөздерді жалғастыруға келісті - деп хабарлады  baq.kz

Сонымен қатар, Чили жағы Астанада дипломатиялық елшілігін ашуды жоспарлап отырғанын мәлім етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!