Қашағандағы өндіріс елдегі мұнай өнімдерінің бағасына әсер ете алмайды - «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Фотография - Қашағандағы өндіріс елдегі мұнай өнімдерінің бағасына әсер ете алмайды - «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Қашаған мұнайы биылдан бастап экспортқа шыға бастайды. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Мұнай және газ - KIOGE 2013» халықаралық конференциясында айтылды

229 0

Қашаған мұнайы биылдан бастап экспортқа шыға бастайды. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Мұнай және газ - KIOGE 2013» халықаралық конференциясында айтылды - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Қазақстанда биыл 82 млн. тонна мұнай өндіріледі. Оның ішінде Қашаған мұнайының да үлесі бар. Әзірге оның көлемі қанша болатыны белгісіз», -дейді «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективалы жобалар бойынша орынбасары Құрманғазы Есқазиев. Оның айтуынша, Қашаған мұнайы түгелдей экспортқа шығарылады. Сондықтан ол елдегі мұнай өнімдерінің бағасына еш әсер етпейді. Ал ҚР Мұнай және газ министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзиннің сөзіне қарағанда, Қашағандағы мұнай өндірісіне қатысты 2014 жылғы жоспар әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Биыл ондағы мұнай өндірісі бастапқыда сәуірде, одан кейін маусымда басталады деп жоспарланғанымен тек қыркүйекте ғана іске қосылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!