Игумен Софроний Қазақстанда қалатын болды

Фотография - Игумен Софроний Қазақстанда қалатын болды

Алматы облыстық соты Іле аудандық сотының діни қызметкер Софронийді Қазақстаннан шығару туралы шешімін жойды

206 0

Алматы облыстық соты Іле аудандық сотының діни қызметкер Софронийді Қазақстаннан шығару туралы шешімін жойды.

2 қазанда Алматы облыстық соты игумен Софронийдің Іле аудандық сотының үкіміне қарсы жазған шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне игумен Софронийдің адвокаты Владислав Мадзигон телефон арқылы хабарлады.

- Алматы облыстық сотының төрағасы Тілектес Барпыбаев шағымымызды толық қанағаттандырды. Шағымда біз Қазақстаннан шығару туралы сот шешімін жоюды сұрағанбыз.

29 шілдеде Алматы облысының Іле аудандық соты "Игумен Софроний Қазақстанда тіркелу ережесін бұзғаны үшін 8 тамызда Ресейге қайтарылуы керек" деген шешім шығарған еді. Ресей азаматы, Софроний деген атпен белгілі Петр Евтихеевті депортациялау ісі туралы, оның Қазақстанда балалар мен қарттар паналайтын баспанасы жайлы Азаттық бұған дейін жазған еді - деп хабарлады  azattyq.org


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!