Қазақстанда депуттар гомосексуалдарға қарсы заң шығаруды ұсынды

Фотография - Қазақстанда депуттар гомосексуалдарға қарсы заң шығаруды ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы кезінде депутат Бақытбек Смағұл қоғамдағы гомосексуалдық қатынастарды жоюды көздейтін заң шығаруды ұсынды.

222 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы кезінде депутат Бақытбек Смағұл қоғамдағы гомосексуалдық қатынастарды жоюды көздейтін заң шығаруды ұсынды.

«Мемлекеттік саясатта отбасы қатынасы бәрінен жоғары тұратын елдердің бірқатары гомосексуалды қатынастарға тыйым салатын заңдар қабылдаған. Бұл Ауғанстан, Малайзия және Индонезия елдері. Қазіргі таңда Ресей де осындай заң қабылдамақшы»,- деді Б.Смағұл.

Депутаттың айтуынша, егер бүгінгі күннің өзінде гомосексуалдық қатынастар «ашық» түрде насихатталып жатса, болашақта еліміздегі отбасы институтының даму деңгейі қандай болары ойланарлық жәйт.

«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 11 бабын күшейтіп қана қоймай, мұндай қатынастарға тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді және барлық жердегі түнгі клубтарды (гомосексуалды адамдар үшін) жабуды ұсынамын»,- деді Б.Смағұл.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!