Тұмауға қарсы миллионға жуық вакцина сатып алынды

Фотография - Тұмауға қарсы миллионға жуық вакцина сатып алынды

Ел қазынасынан осы мақсатқа 633 млн. теңге бөлінген

149 0

Тұмаудың алдын алу үшін биыл миллионға жуық вакцина сатып алынды.

Ел қазынасынан осы мақсатқа 633 млн. теңге бөлінген. Биыл да қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жүкті әйелдерге, әлсіз және жиі ауыратындарға вакцина егу мемлекет есебінен жүргізіледі. Ал қазақстандықтардың қалған бөлігін жұмыс беруші есебінен немесе ақылы негізде вакцинациялау көзделген. Оның құны әрбір аймаққа байланысты 1800 теңгеден 2500 теңгеге дейін құбылады. Мамандардың айтуынша, жыл санап тұмаумен ауыратындар саны азайып келеді.

Аймағамбет ЖОЛШОРИНОВ, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы:

- Көрсеткіш 866 мыңнан 760 мыңға дейін төмендеді. 10-12%-ға дейін жыл сайын төмендейді. Негізінде бұдан бірнеше жыл бұрын 1 млн. 200 мың - 1млн 300 мыңға дейін адам ауырған болса, қазір бұл көрсеткіш 766 мыңға дейін түсіп отыр. Осының барлығы үгіт-наситхат жұмыстарының жақсы жүргізілуіне де байланысты.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!