Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Фотография - Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Елорданың Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарында әскерге шақыру және медициналық комиссиялар өз жұмысын бастады

210 0

Елорданың Алматы, Сарыарқа және Есіл аудандарында әскерге шақыру және медициналық комиссиялар өз жұмысын бастады.

«2013 жылы күзде мерзімді әскери қызметке 1986-1995 жылы туғандар шақырылады. Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады»,- делінген ақпаратта.

Жастар кесте бойынша қазан айынан желтоқсан айына дейін аттандырылады. Айта кетейік, 2013 жылы көктемде 500 астам адам әскерге шақырылды.

Биыл күзде әскерге шақырылатын жастағы астаналықтар ТЖМ, ҰҚК шекара қызметі, сондай-ақ, ІІМ Ішкі әскерлері, Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне жіберіледі.

Аудандық медициналық комиссияларда жоғары білікті дәрігер мамандар мен орташа медициналық персонал жұмыс істейді. 2013 жылы 6 мыңнан астам адам аудандық медициналық комиссияның тексеруінен өтеді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сонымен қатар, әскерге шақырылатын жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Әскерге шақырылғандар күнін» және жастарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімдерін өткізу жоспарланған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!