Белсенді Нарымбаевқа айыппұл салынды

Фотография - Белсенді Нарымбаевқа айыппұл салынды

Алматының әкімшілік соты қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевты "рұқсат етілмеген жиын ұйымдастырды" деп айыптап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 айлық есептік көрсеткіш - 1731 теңге) айыппұл салды

162 0

Алматының әкімшілік соты қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевты "рұқсат етілмеген жиын ұйымдастырды" деп айыптап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 айлық есептік көрсеткіш - 1731 теңге) айыппұл салды.

Ал Ермек Нарымбаев 30 қыркүйекте БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігі алдында өткен, "Протон-М" зымыранының ұшырылуына наразылық білдірген акцияға "ұйымдастырушы емес, жай қолдау білдіруші ретінде" қатысқанын айтады.

Белсенділер 30 қыркүйек күнгі акцияда зымыран тасығышта қолданылатын отын - гептилдің химиялық қару екенін айтып, БҰҰ өкілдігіне хат тапсырған.

30 қыркүйекте Байқоңырдан байланыс спутнигін тіркеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған - деп хабарлады  azattyq.org

2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген дәл осындай "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыла бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан ғарыш айлағы маңындағы жерді зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны - гептил ластаған. Қазақстанда содан кейін ресейлік зымырандарды ұшыруға қарсы акциялар өте бастады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!