Франция соты Әблязовті қолхатпен босатпады

Фотография - Франция соты Әблязовті қолхатпен босатпады

Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті оның адвокаттарының ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату өтінішін қанағаттандырмай тастады

213 0


Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті оның адвокаттарының ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату өтінішін қанағаттандырмай тастады.

2 қазанда шағымды қараған сот Әблязовті экстрадициялауға қатысты алғашқы сот отырысын 5 желтоқсанға белгілеген.

2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген.

Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Бұрынғы банкир Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.

2013 жылы 31 шілдеде Мұхтар Әблязовті Украинаның сұрауы бойынша Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстады - деп хабарлады  azattyq.org

Әблязовті экстрадициялауды Украина мен Қазақстан бірдей сұраған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!