Астана мен Алматыда ХҚО-ларда қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды

Фотография - Астана мен Алматыда ХҚО-ларда қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды

Астана мен Алматының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ілкі режимде мемлекеттік қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды

242 0

Астана мен Алматының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ілкі режимде мемлекеттік қызмет көрсетудің тікелей үйлерге соғып көрсетілуінің жобасы іске қосылды.


«Мұндай қызметпен ХҚКО-на өз бетімен келуге мүмкіндігі жоқ І топтағы мүгедек азаматтар мемлекеттік қызмет алу мақсатында пайдалана алады»,-делінген хабарламада.


Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға бақылау жасау және ХҚКО қызметін үйлестіру Комитетінің төрағасы Бағдат Мусин «биылғы жылдың аяғына дейін дәл осындай қызмет түрі республиканың басқа да қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді болады» деп атап көрсетті - деп хабарлады  newskaz.kz


Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі адам мемлекеттік қызмет көрсету қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 1414 телефон нөмірі арқылы қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруы керек. Бұдан кейін клиентке ыңғайлы уақыт келісілген соң ХҚКО-ның қызметкері қызмет көрсету үшін сол адамның үйіне барады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!