Шымкентте жыл сайын 223 жас отбасыға пәтер салынады

Фотография - Шымкентте жыл сайын 223 жас отбасыға пәтер салынады

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-да жас отбасылардың тұрғын үйге мұқтаждығын шешу және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын 3 және 4-класты тұрғын үйлерді жобалау және салу қаралып отыр

229 0

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-да жас отбасылардың тұрғын үйге мұқтаждығын шешу және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын 3 және 4-класты тұрғын үйлерді жобалау және салу қаралып отыр.

Жас отбасыларға арналған жалға берілетін 4-класты тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің құны үшін 80 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) 3-класты тұрғын үйлер – 90 мың теңгеден аспайды.

Бұл жағдайда аймақтар бойынша пәтердің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталады. 1 шаршы метр үшін белгіленген бағадан жоғары болған жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаралған.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнын жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сәйкес индекстеп отыру қаралған. Жыл сайын облысымызда орта есеппен жас отбасылар үшін 14,5 мың ш.м. тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл бағыт бойынша тұрғын үй құрылысы Сайрам, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары, сондай-ақ, Шымкент, Түркістан қалаларында жүргізіледі - деп хабарлады  baq.kz

Айта кетейік, 2020 жылға дейін бағдарлама аясында 130,9 мың ш.м. тұрғын үй салу қаралған. Сала мамандары орта есеппен жыл сайын 223 пәтер салынатынын айтады. Нәтижесінде, 2,4 мыңнан аса жас отбасы пәтер сатып алуға мүмкіндік алады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!