Қазақстан мен Аргентина визасыз жүйеге қол жеткізбек

Фотография - Қазақстан мен Аргентина визасыз жүйеге қол жеткізбек

Қазақстан мен Латын Америка елдері арасында барыс-келіс мәселесі жеңілдейді.

210 0

Қазақстан мен Латын Америка елдері арасында барыс-келіс мәселесі жеңілдейді.

Мұхиттың ар жағында іссапармен жүрген қазақстандық делегация Аргентинада болды. Мақсат – арадағы байланысты жандандыру.

Аргентина – аграрлы-индустриалды мемлекет. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласында көш бастап тұрған ел. Астық пен мақта егуде, етті мал өсіруде де қалыс қалмай отыр. Сондай-ақ, мұнда темекі, жеміс және цитрус алқаптары көп. Пайдалы қазбадан да кенде емес. Мұнай-газ, көмір, уран өндіріледі. Қазақстанға олардан жаңа технология мен ауылшаруашылығындағы жетістіктерді үйрену қажет. Мұнай-газ саласында да байланысты нығайтып, тәжірибе жинақтауға басымдық беру керек.

Кез келген мемлекет қарқынды экономикасымен қуатты. Осындай маңызды мәселеден басталған жұмыс күнінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Аргентинаның іскер тобымен кездесті. Қазақстанның әлеуетін баяндап, инвестициялық ахуалға тоқталды. Кәсіпкерлерді қазақ елінде жұмыс істеуге шақырды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Елімізге көптеп инвестиция тарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Бүгінде біздегі инвестициялық климат кәсіпкерлерге тиімді. Соның ішінде мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болады. Сондықтан сіздерді пайдалы іске инвестиция құюға шақырамын.

Бұдан кейін министр Парламентті бетке алды. Аргентинаның Сенат спикері, вице-президент Амадо Будумен жүздесіп, заң шығару саласында қоян-қолтық жұмыс істеу мүмкіндігін талқылады. Тараптар қос елдің болашағын бағамдап, бірлесе қолға алатын тиімді жобаларды саралады. Экономиканың дамуы елдер арасындаға алыс-беріс пен барыс-келіске тікелей байланысты. Бүгінде қос елдің тауар айналымы соңғы жарты жылда 23 млн. АҚШ долларына жуықтады. Ендігі кезекте – қатынау мәселесін жеңілдетіп, визасыз жүйеге қол жеткізу. Оның бірінші қадамы жасалды. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Екі өте маңызды құжатқа қол қойылды. Бірінші құжат – бұл екі ел азаматтарының дипломатиялық, қызметтік паспорт иегерлеріне визалық талапты жоюы, екінші құжат – екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің саяси кеңес алмасуына бағытталды.

Ал жалпыға ортақ визасыз жүйені енгізу келесі жылға жоспарланып отыр.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!