Қазақстанда жыл сайын 5 млн адамға тегiн вакциналау жүргiзiледi

Фотография - Қазақстанда жыл сайын 5 млн адамға тегiн вакциналау жүргiзiледi

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ-ның баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Ерiк Байжүнiсов мәлім етті.

183 0

Қазақстанда жыл сайын 5 млн адамға түрлi ауруларға қарсы тегiн вакциналау жүргiзiледi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ-ның баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Ерiк Байжүнiсов мәлім етті.

«Қазақстан жыл сайын 21 инфекциялық ауруға қарсы егу шараларының күнтiзбесiне сәйкес халық арасында тегiн вакциналауды жүргiзедi. Жыл сайын бiз 5 млн-ға жуық адам егіледі. Оның iшiнде 1,4 млн бала да бар. Ауру түрлерi айтатын болсақ, қызылша, палеомилит, Б вирустық гепатитi және тағы да басқалары. Бұл жұмыс қандай нәтиже бередi десеңiз, соңғы 20 жыл iшiнде қызылшамен ауру көрсеткiшi 59 есе, эпидемиялық паратитке шалдығу фактiлерi 160 еседей, Б вирустық гепатитiмен сырқаттану деңгейi 23 есе төмендедi. Мысалы, Б вирустық гепатитiне қарсы вакцинаны 1993 жылы енгiзгенде елiмiзде 4800 науқас тiркелген болатын. Қазiргi уақытта бұл көрсеткiш жыл сайын 200-ге қысқарып келедi. Ал, балалар арасында ауруха шалдығу көрсеткiшi 2-5 науқастану жағдайына  қысқарып отыр. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы елiмiздi 2002 жылы палеомилитсіз, ал өткен жылы гек таралмаған аймақ деп таныды»,- дедi Е.Байжүнiсов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!