ОҚО әкіміне Путиннің атынан орден табыс етілді

Фотография - ОҚО әкіміне Путиннің атынан орден табыс етілді

Бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Н.Бочарников Шымкент қаласына іс-сапармен келді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

294 0

Бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Н.Бочарников Шымкент қаласына іс-сапармен келді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікке жасаған сапары барысында Ресей Елшісі Даңқ мемориалында болып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Ол сонымен қатар облыс орталығында ашылған теннис корты мен «Оңтүстік Цирк» мекемелерімен танысты, "Шәмші әлемі" гүлзарында болып, Орталық саябақтағы бауырластар зиратында жерленген жаунгерлердің рухына тағзым етті, ардагерлер үйінде қазыналы қарияларымызбен жүздесті, Тәуелсіздік саябағына сапар шегіп, «Шаңырақ» композициясымен танысты. Облыс әкімдігінде облыс әкімі А.Мырзахметовпен кездесіп, өңір басшысына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің атынан «Достық» орденін табыс етті.

Өңір басшысы көршілес елдің мемлекеттік наградасымен екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланыстарды нығайтып, көпұлтты өңірімізде достық пен өзара келісімнің орнығуына сіңірген еңбегі үшін марапатталып отыр.

Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі облыс әкімдігінің Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өту кезіндегі бастамаларын жоғары бағалады. 2010 жылы Шымкент қаласында салынған Даңқ мемориалы туыстас екі елдің ортақ тарихын паш етіп, достық қарым-қатынасын бекемдей түсті.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!