Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

Фотография - Солтүстік Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады

 Республиканың солтүстігінде кей жерлерде жел тұрады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгдромет» РМК.

185 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде кей жерлерде жел тұрады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгдромет» РМК.

Ал республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Ақмола, Атырау, БҚО, Қостанай, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл, Қарағанды, ШҚО-да жел 17-22 м/с дейін күшейеді, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, жел екпіні 25 м/с құрайды.

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!