Алкогольді ішімдіктердің бағасы қымбаттауы мүмкін

Фотография - Алкогольді ішімдіктердің бағасы қымбаттауы мүмкін

 Бұл туралы ЭБЖМ министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

317 0

 ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2014 жылы заңнамаға өзгерістер енгізбекші. Осының негізінде алкоголі аз ішімдіктерге акциз құны қымбаттайды. Бұл туралы ЭБЖМ министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Қазіргі кезде алкоголі 0,5%-дан аспайтын сыра акцизінің құны тегін, ал 0,5%-дан жоғары сыра акцизінің бағасы – литріне 26 теңге.

Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі коньяк, бренди, шарап және сырадан басқа алкогольді өнімдердің акциз құнын да қымбаттатуға мүдделі болып отыр.

Мәселен, қазір 100%-дық спирттің құны 500 теңге болса, Экономика министрлігі 2014 жылы оның бағасын екі есе, 2015 жылы 1200 теңгеге, ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін қымбаттатуды ұсынды.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!