ҚР мен Бразилияның дипломатиялық оқу орындары әріптестік орнатады

Фотография - ҚР мен Бразилияның дипломатиялық оқу орындары әріптестік орнатады

 деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

218 0

Өзінің Бразилиа қаласына сапары аясында Е.Ыдырысов Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академияның тыңдармандары мен профессорлық-оқытушылық құрамының алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

«Бразилиялық жас дипломаттар қазіргі Қазақстан жайлы терең білімдерін көрсетіп, ҚР–ның әлеуметтік-экономикалық реформаларымен, еліміздің тарихымен, көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарымызды, аймақтық бірлестіктегі рөлі, қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдылығы жайлы қызығушылықтарын білдірді», - делінген ақпаратта.

Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академия БФР СІМ–нің құрамына кіріп, аймақтағы жетекші мамандандырылған оқу орны болып табылады. Бұл академияда Еуропа, Азия, Африкадан келген студенттер оқиды. Е.Ыдырысов бразилиялық әріптесі Луис Альберту Фигейредумен Рио-Бранко атындағы Дипломатиялық академиясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатиялық институты арасындағы серіктестікке келісіп, тиісті Меморандумға қол қойды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!