Н.Нығматуллин: Көлік пен мүлік салығына қатысты өз ұсынысымызды енгіземіз

Фотография - Н.Нығматуллин: Көлік пен мүлік салығына қатысты өз ұсынысымызды енгіземіз

Мәжілістің кіші залында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары Салық төлемдеріне қатысты Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайын талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин осылай деп мәлімдеді

175 0

Мәжілістің кіші залында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары Салық төлемдеріне қатысты Заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайын талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин осылай деп мәлімдеді - деп хабарлады  baq.kz

-«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Үкіметпен бірлесе отырып, өте маңызда шаралар ұйымдастырып, ауқымды жұмыстар атқарғандығын айтуымыз керек. Көлік пен мүлік салығын көтеру туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мұның өзіне тиесілі талаптарға сай қажеттіліктерден туындап отырғандығын ескеруге тиіспіз.

Ал енді мүлік салығына қатысты айта кетейін. Соңғы 12 жылдан бері мүлік салығы мүлдем көтерілмеген. Осы аралықта үй бағасы мен оның салыну көлемі, құрылыс қарқыны үш есеге дейін ұлайған. Ендеше, осы тұрғыда Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу де заманауи қажеттіліктен туындаған», - деді Нұрлан Нығматуллин.

"Сондықтан да құрметті министр мырза, көлік пен мүлік салығына қатысты қоғамда дау тудырмайтындай тиімді жол таба білуді тапсырамын. Бұл ретті «Нұр Отан» фракциясы мен өзге де партия мүшелерінің талап-тілектерін ескертіп, отырыс соңына қарай нақты ескертулер дайындауды ұсынамын", - деді төраға.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!