«Ақтаудағы АҚШ әскери техникасы» жайлы хабарды жоққа шығарды

Фотография - «Ақтаудағы АҚШ әскери техникасы» жайлы хабарды жоққа шығарды

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов «Ақтау порты арқылы АҚШ әскери техникасы тасымалданған» деген ақпараттың шындыққа сай емес екенін мәлімдеді

191 0


Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов «Ақтау порты арқылы АҚШ әскери техникасы тасымалданған» деген ақпараттың шындыққа сай емес екенін мәлімдеді.

Жұма күні Астанада өткен брифингте Үсенов Қазақстан мен НАТО арасында 2012 жылы маусымда жасалған келісімге сай, Ақтау транзиттік бекеті арқылы «тек коммерциялық мақсаттағы, әскери емес жүктерді ғана тасымалдауға болатынын» айтқан - деп хабарлады  azattyq.org

«Қорғаныс министрлігі, Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясынан біз алған алдын ала ақпаратқа сәйкес, Ақтау арқылы әскери жүк тасымалданғаны туралы хабар шындыққа жанаспайды» деген СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «Ауғанстаннан шығарылған АҚШ-тың әскери техникасы Қазақстанның Ақтау порты арқылы Әзірбайжанға тасымалданып жатыр» деген ақпарат таратқан еді.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!