Қазақстанда кәсіподақ заңнамасы ауыстырылады

Фотография - Қазақстанда кәсіподақ заңнамасы ауыстырылады

Қазақстан Кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов таяу айлардың ішінде «Кәсіби одақтар туралы» жаңа заң жобасы қабылданатындығына үміт артады. Бұл туралы бүгін ол елордада ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиыны барысында айтты

146 0

Қазақстан Кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов таяу айлардың ішінде «Кәсіби одақтар туралы» жаңа заң жобасы қабылданатындығына үміт артады. Бұл туралы бүгін ол елордада ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиыны барысында айтты.

Оның атап өтуінше, еліміздің кәсіподақ қозғалыстары жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. Жұмысшыларын құқығын шынайы қорғауға қабілетті мықты кәсіподақтар құруға басымдық беріледі - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Осыған орай бүгінгі таңда ең алдымен «Кәсіби одақтар туралы» жаңа заң қабылдау мәселесі қарастырылады. Бұл заң жобасын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген. Оны әзірлеуге және талқылауға барлық қоғамдық бірлестіктер атсалысты. Бүгінде құжат ҚР Парламенті депутаттарының қарауында жатыр. Біз таяу айдың ішінде аталған заңнамалық акті қабылданады деп үміттенеміз», - деді Ә.Құсайынов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған құжатқа кәсіподақтарды біріктіру, олардың жауапкершілігін арттыру, жұмысшыларды қорғау бойынша құқықтық жұмыстарды жақсарту мәселелері негіз болған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!