Қазақстан АҚШ –та қазақстандық азаматтардың ірі қаржы саласына қатыстылығы туралы сауал жолдады

Фотография - Қазақстан АҚШ –та қазақстандық азаматтардың ірі қаржы саласына қатыстылығы туралы сауал жолдады

Қазақстанның АҚШ-тағы елшiлiгi iрi алаяқтық жасағаны үшiн 16 қазақстандық азаматтың күдiктi екенi туралы ақпаратты анықтау мақсатында АҚШ Мемлекеттiк департаментiне және Әдiлет министрлiгiне ресми сауалдарды жолдады деп мәләмдеді ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Жанболат Үсенов

171 0

Қазақстанның АҚШ-тағы елшiлiгi iрi алаяқтық жасағаны үшiн 16 қазақстандық азаматтың күдiктi екенi туралы ақпаратты анықтау мақсатында АҚШ Мемлекеттiк департаментiне және Әдiлет министрлiгiне ресми сауалдарды жолдады деп мәләмдеді ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Жанболат Үсенов.


«АҚШ-тың Калифорния штатында салық төлемдерiне қатысты iрi алаяқтық жасағаны үшiн 16 қазақстандық азаматтың күдiктi екенi туралы ақпаратты анықтау мақсатында Қазақстанның Америкадағы елшiлiгi тарапынан 2013 жылдың 2-шi қазанында АҚШ-тың Мемлекеттiк департаментiне және Әдiлет министрлiгiне ресми сауалдарды жолдағанын хабарлаймыз. Қазiргi таңда бiз америкалық тараптан аталған мәселеге қатысты ресми жауапты күтудемiз», - дедi  Үсенов жұмада брифингте.

Ресми өкiлдің хабарлауынша, АҚШ Федералды бюросының алдын ала жарыққа шығарған ақпаратына сәйкес, Сан-Диего қаласында қылмыстық топ 2 мыңнан аса адамның дербес деректерiн ұрлап алған. Осы ақпарат бұдан кейiн салық органдарынан жалпы 17 млн долларға жуық сома көлемiнде артық төленген салықты қайтару туралы өтiнiште қолданған - деп хабарлады  newskaz.kz

«Салық қызметi алаяқтарға 7 млн доллар көлемiнде ақша төлеп үлгерген. Қазiргi уақытта АҚШ құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргiзуде. Бүгiнгi күнi аталған мәселе Қазақстанның АҚШ-тағы консулдық бөлiмiнiң бақылауында. Американдық құқық қорғау органдары көрсеткен тұлғалардың арасында қазақстандықтардың азаматтығы бар адамдарды болуы туралы мәлiмет анықталуда»,- деп түйiндедi ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!