Теңіз жаяу әскерінің қатары арулармен толықты

Фотография - Теңіз жаяу әскерінің қатары арулармен толықты

Маңғыстау облысында келісімшарт бойынша жастарды әскер қатарына тарту жұмыстары жүргізілуде

273 0

Маңғыстау облысында келісімшарт бойынша жастарды әскер қатарына тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жақында ғана Қазақстандағы жалғыз жағалау қорғаныс бригадасының қатары қыздармен толықты. 10 ару әскери киім киіп, қолдарына автомат алды.

Бүгінде ракеталық, аэромобильдік, артиллерия, әуе қорғаныс күштері болсын қыздарымыз барлық әскер қатарында бар. Калашников автоматын 15 секундта жинап шығу - қыздар үшін үйреншікті жағдай. Темірдей тәртіп пен әскери жарғыны қатаң түрде орындау керек - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Қыздарымыз ерлермен бірдей қызмет етеді. Тіпті, кейбіреулері бізге жеңілдік жасадыңдар деп ренжиді. Басқалармен бірдей болғысы келеді. Біз кейде оларға жеңілдік жасаcақ, олар қарсы шығады», - дейді 25744 ә/б теңіз әскери бригадасы командирінің орынбасары Сейілжан Бекмұратов.

Айта кету керек, жағалау қорғаныс бригадасы соғысқа үнемі дайын тұрады. Қазіргі таңда мұнда 53 қыз отан қорғап жүр. Жақында ғана байланыс, медицина қызметкерлерінің қатарына тағы 10 ару қосылды. Олар Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан шақыртылғандар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!