Н.Назарбаев пен А.Лукашенко келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Фотография - Н.Назарбаев пен А.Лукашенко келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Алесандр Лукашенко келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды

171 0

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Алесандр Лукашенко келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

«Біз кеше және бүгін Александр Лукашенкомен жемісті келіссөздер жүргізіп, бүгін көріп отырғандарыңыздай, нәтижелерге қол жеткіздік. Бірлескен мәлімдемеге қол қойып, барлық алдағы жұмысымызды анықтап алдық, атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды», - деп хабарлады Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелері талқыланып, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды - деп хабарлады  bnews.kz

«Бұл құжат біздің елдер арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді, бұл жан-жақты қарым-қатынастарды жете дамытуға серпін береді деп есептеймін», - деп толықтырды ол.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!