Ертiс пен Есiл өзендерін қосатын су арнасын тарту мәселесі қарастырылуда

Фотография - Ертiс пен Есiл өзендерін қосатын су арнасын тарту мәселесі қарастырылуда

Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

433 0

Үкiметте Астана маңында 4 су қоймасын салуды көздейдiн жаңа су арнасын тарту мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Астана әкiмдiгi әзiрлеген жоба бар. Ол Сәтпаев арнасынан Астана қаласына дейiн су таратқыш екi арнаны тартуды көздейдi. Оның құны 104 млрд теңге. Жоба жылына 170 млн текше метр суды жеткiзiп тұруы тиiс», - дедi Қаппаров.

Оның айтуынша, аталған мәселеге қатысты қазiргi уақытта Үкiметте кеңес дәуiрi кезiнде ұсынылған идея қарастырылуда.

«Бұл жоба Ертiс өзенiнен Есiлге дейiн Астана арқылы өтетiн жаңа арнаның құрылысын көздейдi. Бұл каналды салатын болсақ, су жеткiзу көлемiн жылына 1 млрд текше метрге дейiн жеткiзе аламыз», - деп түсiндiрiп өттi министр.

Аталған жоба бiрнеше мәселелердi шешуге мүмкiндiк бермек. Бұл арна бойында Астанаға дейiн үш және елордадан кейiнгi аумақта бiр көл қолдан жасалмақ.

«Нақты атап өтетiн болсақ, Ерейментау ауданында Теңiз су қоймайсын, сондай-ақ Ақжар және Софиевка су қоймаларын салуға мүмкiндiк бередi. Софиевка су қоймасы Астанаға жақын маңда, яғни 30 шақырым қашықтықта орналаспақ. Оның сыйымдылығы 2 млрд текше метрді құрайды. Бұл Астана жанындағы жаңа рекрациялық аймақ болуы мүмкiн. Салыстыратын болсақ, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы үш көлдiң жалпы сыйымдылығы 300 млн текше метрдi құрайды», - дедi министр.

Нұрлан Қаппаров өз сөзiнде ұзындығы 340 шақырым болатын жаңа каналдың құрылысы арқылы 30 елдi мекен тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге болатындығын айтып өтті. Астанадан кейiнгі аумақта салынатын су қоймасы Сергеевка мен Петропавл су қоймаларының су шығару қуатын арттыра түспек.

«Өзендердiң санитарлық және су жүйелерi жақсарып, канал бойындағы суармалы жерлердiң аумағын 100 мың гектарға арттыруға мүмкiндiк туады. Сонымен қатар, ол Астананың экологиясына жақсы әсерiн тигiзетiн болады», - деп толықтырып өттi ол.

Алдын ала болжамдар бойынша жобаның құны – 500 млрд теңге.

«Бұл мәселенi таразыға қойып шешуiмiз керек. Бiз 500 млрд теңгенiң жобасын 10 жылдың iшiнде салып, көптеген мәселелердi түбегейлi шешетiн боламыз немесе әкiмдiк ұсынған 104 млрд теңгенiң су таратқыш арнасын салуымыз қажет», - дедi Қаппаров.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!