Су «саясатын» анықтайтын арнайы Кеңес құру ұсынылмақ

Фотография - Су «саясатын» анықтайтын арнайы Кеңес құру ұсынылмақ

Бұл өз кезегінде, халықты сумен қамтамасыз етуге, ЖІӨ өсуіне және экология жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды.

196 0

Бүгінгі таңдағы суды тұтынудың өсу үрдісі мен су ресурстарымен қамтамасыз етудің төмендеуі өңірлік тапшылықтың өсу қаупі бар деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстандағы сегіз су бассейіннің алтауы 2020 жылға қарай жұтаңдыққа ұшырауы мүмкін. Егер су ресурстарын пайдаланудың және басқарудың тиімділігі артпайтын болса, онда 2040 жылға қарай су тапшылығы артады. Бұл өз кезегінде, халықты сумен қамтамасыз етуге, ЖІӨ өсуіне және экология жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жөнінде Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Тұтынушылардың суды үлесті тұтынуын төмендету және рационализациялау бойынша шаралар жылына орташа құны 15 миллиард теңгені құрайтын 9,5 м/куб суды үнемдеуді қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, ауыз судың талап етілген сапасы мен орнықты қорына және қалалық сарқынды суды тазартудың стандарттарына қол жеткізу үшін коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын қалпына келтіріп, ауыз су мен қалалық сарқынды су стандарттарын жаңарту және олардың орындалуын қамтамасыз ету қажет екені белгілі.

- «Осы ретте су шаруашылығы саласындағы ұлттық саясатты анықтау үшін ведомствоаралық кеңесті құру ұсынылатын болады. Бұл жалпы еліміздегі су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін түбегейлі зерделеп, тиімді пайдалану мәселелерінің оңтайлы шешілуіне оң ықпалын тигізетін болады», - деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.


Тегтер:

экология

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!