Астанада №9 қалалық емхана жұмыс істей бастады

Фотография - Астанада №9 қалалық емхана жұмыс істей бастады

 Елордада Абылайхан даңғылы, 30 мекен-жайында орналасқан емхананың қызметі қайта құрылудан кейін толық жандандырылды

252 0

 Елордада Абылайхан даңғылы, 30 мекен-жайында орналасқан емхананың қызметі қайта құрылудан кейін толық жандандырылды.

№9 қалалық емхана Астанада тіркелген тұрғындарға амбулаториялық-емханалық жәрдем көрсетеді, олардың саны 2013 жылдың қазан айында 42 мың адамды құрады, соның ішінде 11800-і 18-ге толмаған балалар.

Бұл 25-тен астам мамандықтың дәрігерлері қызмет ететін заманауи емхана. Қызмет көрсетілетін аумақтың радиусы 20 км құрайды.

Сонымен қатар, емхана тұрғындар саны 3500 адамды құрайтын Железнодорожный кентіне де қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, бөлім құрамында салауатты өмір салтын қорғау қызметі, Жастар денсаулық орталығы, денсаулық клубтары, қант диабетіне және басқа да созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттерге арналған мектептер белсенді жұмыс істейтін болады.

Үкіметтің электронды порталы арқылы «кезексіз емхналар» жоспарын орындау аясында онлайн-интернет қызметі көрсетіледі. Яғни, пациент үйден шықпай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылады, сондай-ақ, онлайн режимде немесе электронды пошта арқылы кеңес алады. Емхана жанынан медициналық қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі аудит қызметі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сенім телефоны қызмет етеді.

Алдағы уақытта, емханада амбулаториялық хирургия орталығы ашылады, онда хирургиялық, урологиялық, отоларингологиялық және травматологиялық бейінде оталар жасалады. Халыққа стационарлық және стационардың орнын басатын көмек көрсету үшін мекемеде күндізгі стационар ұйымдастыру көзделген, онда созылмалы патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетіледі. Күндізгі стационар тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін науқастарға профилактикалық, емдеу, сауықтыру шараларын жүргізуге арналған. Емхана жанынан алдын алу және әлеуметтік - психологиялық көмек бөлімі жұмыс істейді - деп хабарлады  baq.kz

Еске салайық, 1 қазаннан бастап Абылайхан даңғылының бойындағы емхана «№9 қалалық емхана» атауына ие болды. Мекеменің қайта құрылуына байланысты пациенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету белгілі уақытқа шектелген болатын. Қазіргі уақытта емхана жұмысы толығымен қалпына келтірілді.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!