Қазақстан азаматтары Белоруссияда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Фотография - Қазақстан азаматтары Белоруссияда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы екі ел азаматтарына тараптардың аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойды

306 0

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы екі ел азаматтарына тараптардың аумағында болу тәртібі туралы келісімге қол қойды.

 

Құжатқа ағымдағы жылғы 4 қазанда Астана қаласында Беларусь Республикасының Президенті А.Н. Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол қойылды - деп хабарлады  newskaz.kz

 

«Болу тәртібі жөніндегі Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары мен Беларусь Республикасы азаматтарының Тараптардың аумағында 30 күн ішінде Тараптардың құзыретті органдарында міндетті тіркеусіз болуының жеңілдетілген тәртібін белгілеу болып табылады», - делінген хабарламада.

 

Реадмиссия туралы келісім мен оны іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының аумағында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және оларды қайтару рәсімдерін, сондай-ақ осындай адамдарды транзиттеуге көмек көрсетуді айқындайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!