Қорғаныс министрлігі АҚШ әскери жоғары оқу орындарында оқу үшін кандидаттарды іріктеуді бастайды

Фотография - Қорғаныс министрлігі АҚШ әскери жоғары оқу орындарында оқу үшін кандидаттарды іріктеуді бастайды

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

306 0

ҚР Қорғаныс министрлігі АҚШ әскери жоғары оқу орындарында оқу үшін кандидаттарды іріктеуді бастайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Келесі жылы Қазақстан Қорғаныс министрлігі АҚШ-қа төрт қазақстандықты оқуға жібереді. Кандидаттардың әрқайсысы «West Point» Құрлық әскерлері әскери академиясы, Әскери-теңіз күштерінің академиясы, Әскери әуе күштерінің академиясы, Жағалау күзеті академиясы сияқты беделді жоғары оқу орындарында білім алатын болады. Оқу мерзімі 4 жыл», - деп жазылған хабарламада.

АҚШ-та әскери білім алуға тілек білдіргендер тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге өтініш білдірулері қажет. Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 7 қазан мен 20 қараша аралығында жүргізіледі.

Кандидаттарға мынадай талартар қойылады: 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жасы 17-23 аралығында, үйленбеген болуы тиіс. Үміткерлердің орта білім туралы аттестатының болуы, сондай ақ олар ағылшын тілін жетік білуі қажет, бұл ретте білімін растайтын сертификаттары немесе дипломдарының болуы міндетті. Бұдан басқа, әскери-дәрігерлік комиссиядан өтудің нәтижесі бойынша болашақ курсанттар әскери қызметке жарамды болуы тиіс.

Іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі. 20 қарашаға дейін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде жеке істер жинақталады. 3-11 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері кандидаттармен телефон арқылы әңгімелеседі. 12-20 желтоқсан аралығында үміткерлер Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінде әңгімелесу және дене даярлығы бойынша сынақ тапсыруүшін Астанаға келеді. Алдыңғы кезеңдерден табысты өткендер 2014 жылғы 31 қаңтардан бастап дейін SAT және TOEFL сынақтарын тапсыратын болады.

Үміткерлердің АҚШ жоғары оқу орындарында түскені туралы ақпарат шамамен 2014 жылғы мамыр айының басында белгілі болады.

Олар 2014 жылғы маусым айының ортасында Әскери ант қабылдаған соң Америка Құрама Штаттарына оқуға жіберіледі. Жол жүрер алдында курсанттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа қол қояды. АҚШ әскери оқу орнын бітірушілер Отанына оралған соң Қазақстан армиясында ең кемі 10 жыл қызмет етулері керек.

Өткен жылы екі қазақстандық АҚШ-та оқуға сертификат алғанын естеріңізге саламыз. А.Ахметов Құрлық әскерлерінің «West Point» әскери академиясына оқуға түссе, І. Камалединов АҚШ Қарулы Күштері Әскери-теңіз академиясында білім алады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!