ЭКСПО қалашығының құрылысы алдағы жылдың көктемінде басталады

Фотография - ЭКСПО қалашығының құрылысы алдағы жылдың көктемінде басталады

ЭКСПО қалашығының құрылысы алдағы жылдың сәуір айында басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті

222 0

ЭКСПО қалашығының құрылысы алдағы жылдың сәуір айында басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Осы орайда ол жобаның сәулеті дизайнын іріктеу бойынша үздік компанияны анықтау тұрғысында байқау өткізілгендігін еске салып өтті. Бұл еңбектердің барлығы көрмеде ұсынылған болатын. Қазіргі кезде жобаның үздік эсксиз-дизайны сәулет кешенінің қорытындылары шығарылуда. Байқауға 22 мемлекеттен 49 компания қатысты, оның ішінде 20-сы қазақстандық компаниялар болып табылады.

«Осының нәтижесі жария болғаннан кейін біз жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кірісеміз. Бұл жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін жалғасады. Ал, сәуір айында біз ЭКСПО учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деп түйді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!