Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

Фотография - Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды

152 0

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды.

Бюрода Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы ОАӨЭЫ-3 Дәліз (Шымкент - Ташкент) жолын реконструкциялау жобасына байланысты қарыз жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне берілді.

Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Одан басқа, Бюро биылғы 10 қазанда болатын палата отырысының күн тәртібін қарады. Атап айтқанда, отырысқа Қазақстан Республикасының Президентінің еліміздің Ұлттық Банкі Төрағасын тағайындауына келісім беру мәселесі шығарылады. Одан басқа, Қазақстан мен Корея Республикасының үкіметтері арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы; Қазақстан мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің үкіметтері арасындағы Табыс және капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын талқылау көзделіп отыр. Сондай-ақ сенаторлар кейбір заңнамалық актілерге еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!