Мешімбаеваға мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды – Қаржы полициясы

Фотография - Мешімбаеваға мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды – Қаржы полициясы

 Қазақстанның қаржы полициясы статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады, оған мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды

204 0

 Қазақстанның қаржы полициясы статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады, оған мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды.

 

«Ағымдағы жылғы 3 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Оған халық санағын жүргізуге бөлінген 758 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлады және серверлік құрал-жабдық үшін екі кондиционер сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн.теңге залал келтірді деген айыптар тағылды», - делінген хабарламада.

 

Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушысын көлемі 30 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүргізілуде - деп хабарлады newskaz.kz

 

Танысудан кейін қылмыстық іс одан әрі сотқа тапсыру үшін айыптау үкімімен прокуратура органдарына жолданатын болады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!