Оңтүстік облыстарға қосымша 5 млрд. текше метр газ жеткізіледі

Фотография - Оңтүстік облыстарға қосымша 5 млрд. текше метр газ жеткізіледі

2016 жылға қарай еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізілетін газдың көлемі 5 млрд. текше метрге артады

151 0

2016 жылға қарай еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізілетін газдың көлемі 5 млрд. текше метрге артады.

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық энергетикалық форумында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан - Қытай» газ құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған болатын. Оның сыйымдылығы жылына 30 млрд. текше метр газды құрайды. Осы уақытқа дейін аталған құбырдың екі бағыты бойынша Қытайға 60 млрд. текше метрден астам газ жеткізілді. Бүгінде құбырдың үшінші бағытын салу жұмыстары басталды. Оны 2016 жылы іске қосу жоспарланған. Соның арқасында біз бір жылда қосымша 25 млрд. текше метр газды тасымалдай аламыз. Ол газдың 5 млрд. текше метрі еліміздің оңтүстік аймақтарына жеткізілмек», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!