Сенатор Е.Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады

Фотография - Сенатор Е.Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Ермек Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады

158 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Ермек Жұмабаев Әзірбайжандағы президент сайлауын байқауға қатысады.

Е.Жұмабаев осының алдында ТМД ПАА-ның байқау жөніндегі халықаралық байқаушылар тобының мүшесі ретінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Страсбургтегі күзгі сессиясына қатысты.

Сапар барысында 2013 жылғы 9 қазанда болатын Әзірбайжан Республикасындағы президент сайлауындағы ЕКПА-ның байқаушылар миссиясының мүшелерімен кездесу болды.

Атап айтқанда, ТМД ПАА делегацияның мүшелері ЕКПА Төрағасы Жан-Клод Миньонмен кездесіп, сайлауға мониторинг жүргізу барысында халықаралық парламенттік ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Әзірбайжандағы президенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕКПА миссиясының жетекшісі Р.Уолтермен кездесті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!