Қашағаннан "күніне 60 мың баррель мұнай алынған"

Фотография - Қашағаннан "күніне 60 мың баррель мұнай алынған"

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағындағы Қашаған кенішінен тәулігіне 60 мың баррель мұнай өндіріле бастады деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев Астанада өтіп жатқан жетінші Kazenergy форумында

165 0


Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағындағы Қашаған кенішінен тәулігіне 60 мың баррель мұнай өндіріле бастады деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев Астанада өтіп жатқан жетінші Kazenergy форумында. 

Қашаған кенішін игеріп жатқан North Caspian Operating Company B.V. консорциумы кеніштен алғашқы мұнайды 11 қыркүйекте өндіре бастаған еді. Бірақ 24 қыркүйекте Қашағандағы жасанды "Д" аралынан зауытқа баратын газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, ондағы барлық скважиналардан мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Апаттан соң мұнай тек 7 қазанда ғана қайта өндіріле бастады.

Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары мұндағы мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағалаған. Олар кенішті іске қосу жұмыстарына 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсаған - деп хабарлады azattyq.org

Қашаған жобасында қазақстандық "Қазмұнайгаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысының үлесі - 16,81 пайыз), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз) компанияларының да үлесі бар. Қашағандағы ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз акциясын жуықта Қытайдың China National Petroleum Corporations (CNPC) компаниясы алған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!