2020 жылда біз ішкі сұранысты сапалы жанар-жағар маймен толығымен қамтамасыз етеміз - Ұ.Қарабалин

Фотография - 2020 жылда біз ішкі сұранысты сапалы жанар-жағар маймен толығымен қамтамасыз етеміз - Ұ.Қарабалин

2020 жылға дейін біз кезең-кезеңімен Қазақстанның ішкі сұранысын сапалы жанар-жағар маймен қамтамасыз етеміз

159 0

2020 жылға дейін біз кезең-кезеңімен Қазақстанның ішкі сұранысын сапалы жанар-жағар маймен қамтамасыз етеміз.

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының VIII Еуразиялық форумында жастармен кездескен ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Бүгінде Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылданды. Осы жұмыстың нәтижесінде аталған кәсіпорындар Еуро - 4 және 5 стандартына сай келетін мұнай өнімдерін шығаратын болады. Біздің есебімізге сәйкес, 2016 жылға қарай зауыттарды жаңарту жұмыстары аяқталады. Содан бастап 2020 жылға дейін біз кезең-кезеңімен жоғары сапалы жанар-жағар майды өндіру көлемін арттырып, еліміздің ішкі сұранысын толығымен өтейтін боламыз», - деп атап көрсетті Ұ.Қарабалин.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!