Құрбан айт мейрамына орай үш күн демалыс беріледі

Фотография - Құрбан айт мейрамына орай үш күн демалыс беріледі

Құрбан айт мерекесіне байланысты халқымыз үш күн қатарынан, қазан айының 13-15 аралығында демалатын болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

186 0

Құрбан айт мерекесіне байланысты халқымыз үш күн қатарынан, қазан айының 13-15 аралығында демалатын болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.

Құрбан айт мерекесі ислам күнтізбесі (хижра жыл санауы) бойынша зүлхиджа айының оныншы күні атап өтіледі. Осы уақытта қажылық маусымы аяқталып, қажылар Арафат тауына шығады. Ал, Құрбандық шалатын күні қажылар шайтанға тас лақтыру рәсімін жасап, қасиетті Қағбаны айналып шығады.

Құрбан шалу дәстүрі сонау Ибрагим пайғамбардың (р.а.) кезінен бері жалғасып келеді.

Пайғамбар (с.ғ.у.) сүннетіне сәйкес, мұсылман қауымы осы күні алла разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітіктерге қарасуы тиіс. Құрбандыққа шалынған малдың алқашқы қанымен сол адамның күнәсі төгіліп, Жаратқанның разышылығына бөленеді. Құрбандыққа шалынған мал етінң үштен бірі өз отбасына қалдырып, үштен бірін көршілеріне, ал қалғанын тұрмысы нашар, жағдайы жоқ адамдарға таратылуы тиіс.

Құрбан айт намазы Астана қадласы бойынша қазан айының 15-жұлдызында сағ. 08.10-да оқылады.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!