Салық туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Фотография - Салық туралы Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгiн Парламент Мәжiлiсінің депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады. Аталған Заң жобасын Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды

256 0


Бүгiн Парламент Мәжiлiсінің депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады. Аталған Заң жобасын Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды. 

Заң жобасы мемлекеттік қаржының теңгерімділігі мен бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ету үшін негіздер қалыптастыруды болжайтын алғашқы кезеңінде Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Ол жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, бюжеттік жоспарлау, бюджеттік инвестициялар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі мәселелерін қозғайды - деп хабарлады baq.kz

Аталған заң жобасын талқылау аясында айтылған ұсыныстар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының төрт отырысы мен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланған. Естеріңізге сала кетейік, осы кезге дейін Парламент Мәжілісінің барлық Комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!