Сенатор Грузияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Фотография - Сенатор Грузияның Қазақстандағы Елшісін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Грузияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Зураб Патарадзені қабылдады

120 0


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Грузияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Зураб Патарадзені қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Грузияның өзара ауқымды іс-қимылы, оның ішінде, екі елдің заң шығару органдары арасындағы мәселелері талқыланды. Икрам Адырбеков жоғары деңгейдегі саяси үнқатысу және экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.

З.Патарадзе екіжақты өзара іс-қимылдың жағдайы және Астанадағы Грузия Елшілігінің ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.  - "Грузин тарапы парламентаралық байланыстарды, әсіресе ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтар деңгейінде үдетуге әзір", - деді дипломат - деп хабарлады   baq.kz

Жүздесушілер кедендік әкімшілендіру, көлік, туризм, мемлекеттік органдар арасындағы тәжірибе алмасу және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

З.Патарадзе биылғы қазан айының соңында өтетін президенттік сайлауы қарсаңындағы Грузияның әлеуметтік-экономикалық дамуы және ішкі саяси жағдайы туралы әңгімеледі. Кездесуге сондай-ақ, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Ертарғын Астаев та қатысты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!