Қайрат Лама Шариф елші қызметіне тағайындалды

Фотография - Қайрат Лама Шариф елші қызметіне тағайындалды

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

131 0

Қазақстан дін істер жөніндегі агенттігінің төрағасы болған Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Лама Шариф бұған дейін сыртқы істер министрлігінде Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша қызметтер атқарған. Бірқатар араб елдерінде, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт және Бахрейнде елші болды.

2011 жылдың маусым айынан бастап дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды. 

Қайрат Лама Шариф агенттікті басқарған тұста, 2011 жылдың соңында Қазақстанда діни ұйымдарды қайта тіркеу туралы заң қабылданды. Заң талабы бойынша 2012 жылдың соңына дейін Қазақстандағы барлық діни ұйымдар қайта тіркеуден өткен еді.

Халықаралық ұйымдар, кейбір Батыс елдері, қазақстандық құқық қорғаушылар бұл заңның сенім бостандығын шектейтінін ескертті.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!