Қазақстан мен Люксембург Герцогтігі қосарланған салықты болдырмайды

Фотография - Қазақстан мен Люксембург Герцогтігі қосарланған салықты болдырмайды

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы

108 0

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы

Табыс және капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және осы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Конвенцияға 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған болатын. Құжаттың мақсаты инвестицияға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы Қазақстан мен Люксембург арасында экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болып табылады. Конвенция қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалған екіжақты халықаралық келісім ретінде саналады. Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге салықты бір-ақ рет - уағдаласушы мемлекеттердің біреуінде ғана төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет салықтың төленген сомасын есепке алатын болады немесе басқа мемлекетте салық салынған бөлігін жалпы кірістен алып тастайды.

Конвенцияда кіріс туындаған мемлекетте төмендетілген мөлшерлеме бойынша дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге салық салынатын ережелер қарастырылған. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, уағдаласушы мемлекеттің бірінің резиденті - заңды тұлға, егерде уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекеме құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын болғанда қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін.  Ал Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған болатын.

Құжат уағдаласушы мемлекеттердің бірінің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың салық салудан жалтаруына жол бермеу және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!