Астанада көліктер көрмесі ашылды

Фотография - Астанада көліктер көрмесі ашылды

Бүгін Астанадағы «Көрме» көрмелік кешенінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Expo Grup» халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен «Astana International Auto Salon» (Alas-2013) атты автокөлік транспортының бірінші Халықаралық көрмесі ашылды

165 0


Бүгін Астанадағы «Көрме» көрмелік кешенінде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Expo Grup» халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен «Astana International Auto Salon» (Alas-2013) атты автокөлік транспортының бірінші Халықаралық көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау (Alas-2013) көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Автокөлік көрмесін өткізудегі басты мақсат – отандық және шетелдік автокөлік өндірушілердің арасындағы әріптестік жөніндегі халықаралық бизнес-диалог үшін жағдай жасау. Бүгін біз Қазақстанда алғаш рет i-MiEV (MITSUBIHI Innovative Electrik) экологиялық таза және шусыз электрмобильдің тұсауын кестік. Отандастарымызды осы көрмені тамашалауға шақырамын»,-деді вице-министр.

Сондай-ақ, Альберт Рау алғаш рет ұйымдастырылған көрме алдағы жылдарда да Астана қаласында тұрақты өтетінін, бұл арқылы елордаға туристерді тартуға болатынын айтты.

Көрмеге қазақстандық және  Германия, Жапония, Чехия, АҚШ, Ресей мемлекеттері жасап шығарған көліктер қойылды - деп хабарлады baq.kz

«Astana International Auto Salon» (Alas-2013) автокөліктер көрмесін қала тұрғындары мен қонақтары 10-14 қазан күндері тамашалай алады.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!