«Шу – Бурылбайтал» тас жолының мәселесі келер жылы шешіледі

Фотография - «Шу – Бурылбайтал» тас жолының мәселесі келер жылы шешіледі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникацялар Қызметінің алаңына БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа тілшілер қауымының жолдаған сауалы аз болмады

247 0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникацялар Қызметінің алаңына БАҚ өкілдерімен кездесуге келген Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевқа тілшілер қауымының жолдаған сауалы аз болмады. Соның бірі – Шу мен Бурылбайтал арасындағы 250 шақырымға жуық күре жолды жөндеуден өткізу турасында өрбіді - деп хабарлады baq.kz

- Рас, аталған екі аралықтағы жолдың маңыздылығы жоғары. Бұл мәселеге қатысты жолаушылардың арыз-шағымы да аз емес. Жолдың жағдайы жақсы деп те айта алмаймын. Өйткені, соңғы жиырма жылдан бері бұл жол мүлдем жөндеу көрмей келеді. Ал енді біз өз құзыретімізді пайдалана отырып, тиісті министрліктер мен мекемелерге ресми хат жөнелттік. Келер жылдан бастап, жол күрделі жөндеуден өткізіледі немесе жанынан жаңадан жол салынатын болады. Сонда бұл мәселенің толық шешімін табу кезеңі келер жылдың еншісіне қалып тұр, - деді облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!