«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» француз компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Фотография - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» француз компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да, ҚМГ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясы (Франция) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

214 0

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да, ҚМГ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясы (Франция) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа ҚМГ геология және перспективалық жобалар бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев және Директорлар кеңесінің мүшесі - «Vallourec & Mannesmann Tubes» стратегиялық жобалар бойынша директоры Пьер Френцель қол қойды.

«Vallourec & Mannesmann Tubes» компаниясы жапсарсыз болат құбырлардың және мұнай-газ кәсіп орындарына жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтердің жетекші өндірушісі болып табылады.

Қазақстанның индустриялдық дамуы саласындағы саясатын ескере келе, сонымен қатар қазақстандық нарықта мұнай-газ өндірістік құбырларына сұраныстың жоғары болуынан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Vallourec & Mannesmann Tubes» қол қойылған меморандум арқылы елімізде жоғары сапалы дәнекерлеуші элементтердің өндірісне мамандандырылған құбыр зауытының құрылу мүмкіндігін қарастыруға мүдделі екендіктерін растады.

Аталған жобаны іске асыру, Қазақстанға жаңа технологияларды беру және өндірістік инвестицияларды тарту саласында екі ел үкіметтерінің өзара қарым-қатынас бағдарламасы аясында жоспарлануда - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен қатысты.


Тегтер:

казмунайгаз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!