Жастарды қажетті мамандыққа оқыту әлі өзекті болып отыр

Фотография - Жастарды қажетті мамандыққа оқыту әлі өзекті болып отыр

Жастарды мамандыққа оқыту мен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері әлі де өзекті күйінде қалып отыр

393 0

Жастарды мамандыққа оқыту мен оларды жұмысқа орналастыру мәселелері әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің баяндамасынан соң Елбасы еңбекпен қамту және өңірлерде қажетті мамандықтарды даярлау мәселесіне тоқтала келе, жастарды мамандық бойынша оқыту мен оларды жұмысқа тиімді орналастырудың өзекті күйде қалып отырғандығын жеткізді.

«Жекеменшік жоғары оқу орындары Үкіметтің лицензиясымен ашылады және оларда өңірдегі еңбектің сұранысына қатысты барлық мәселелер қамтылуы шарт. Әрине, кез келген компания ЖОО бітірген маманның сапасына баса мән беретіні айқын. Дегенмен, біздің міндетіміз қай өңірден қай өңірге қандай және қанша мамандық керек екендігін біліп отыру. Сол арқылы жастарды оқытып, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады. Яғни, басты міндет қайда қанша маманның керектігі. Әйтпесе бізде жастар Алматы мен Астанада университетті бітіреді, сосын жоғары оқу орнының дипломы бола тұра, жақсы ақша табу үшін инженер мамандығын игергісі келіп, механик немесе металлургтің кәсіби училищесіне қайта түсіп жатады. Сонда бұл қалай? Әрбір студент үшін берілген мемлекеттік грант текке кетті деген сөз емес пе»,-деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысты мәселені сынға алды. «Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша тағы не қылған жаңалық? Жұрт тестке енді үйреніп, тапсыра бастап еді. Тағы жаңа реформа туралы әңгіме шықты. Бұл не?»,-деді Н. Назарбаев Білім және ғылым министріне қарата айтқан сөзінде.

«Халық бекер қобалжымайды, түсіндіру керек»,-деді Елбасы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!