Астана мен Алматыда дәрігерлер жетіспей жатыр

Фотография - Астана мен Алматыда дәрігерлер жетіспей жатыр

Қазақстанның түкпір-түкпірінен ағылған емделушілердің көптігінен Астана мен Алматыда дәрігерлер жетіспей жатыр. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты

333 0

Қазақстанның түкпір-түкпірінен ағылған емделушілердің көптігінен Астана мен Алматыда дәрігерлер жетіспей жатыр. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Салдарын ескермей, туындауы мүмкін проблемаларды жүйелі зерделемей реформалар жасап жатамыз. Бір жағынан алғанда бәрі дұрыс сияқты. Әр адам өз қалауы бойынша кез келген аурухананы таңдап, соған баруға құқылы. Дей тұрғанмен, адамдар Астана мен Алматыда емделгісі келеді немесе облыс орталығын таңдайды. Қысқасы, емделушілер аталған екі қалаға көптеп ағылуда. Енді осы екі қалада барлық сырқаттыларға ем-дом жасауға дәрігерлер жетіспеуде», - деді Н. Назарбаев.

Бұл тұрғыда Елбасы осы мәселені болашақта ескеру керектігін қадап айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!